«Тәуелсіз - Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Конференц залында «Тәуелсіз - Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеу, жастар арасында тәуелсіздік ұғымын нығайту. Шараны Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ ректоры М.А.Баяндин ашты. Өз кезегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің «Зерттеулер және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректоры - Д.Ы.Нұрмұханбет, Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі - С.М.Сексенбаев, «Ауыл фермерлерінің корпоративті қоры» Тәуелсіз қоғамдық кеңестің ЖЕР АНА төрайымы - Р.М.Мусабаева, ЖЕР АНА Тәуелсіз Қоғамдық қорының мүшесі - Э.Ч.Исабекова, «Болашаққа жаңа қадам»қоғамдық бірлестіктің төрайымы, полиция полковнигі - Р.М.Калдыбекова, ХТИИ «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты - Халилжан Сулейманов баяндамаларын оқыды. Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ «Заң» факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты Асқарбекқызы Назира шараны қорытындылады.