COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ТӨРТІНШІ КҮН

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ТӨРТІНШІ КҮН

10.01.2023ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған Қысқы мектеп «Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды әзірлеу». «Сабақтарда оқытудың интерактивті әдістерін қолдану» тақырыптары аясында «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі» модулі бойынша «Жалпы педагогика» кафедрасының п.ғ.к. К.С.Бактыбаева шеберлік сабақтарын аяқтады.

Сонымен, жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша оқытушылар келесі түсініктерді меңгерді:
- блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды әзірлеу;
- таксономия түсінігі;
- блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары;
- сабақтарда оқытудың интерактивті әдістерін қолдану;
- интербелсенді әдістеме - өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрену/үйрету;
- интербелсенді оқу/оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқу/оқыту
- интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары;
- дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудын айырмашылықтары;
- студентке бағытталған оқыту (СБО) тұжырымдамасы және принциптері;
- студентке бағытталған оқытудың негізін қалаушылар.

К.С.Бактыбаева оқытушыларды топқа бөліп тапсырмалар орындатқызу арқылы тақырыптарды тез меңгертуге ықпал етті. Сондай-ақ, жоғарыда аталған тақырыптар щенберінде педагогикалық әдістерді түсіндіріп берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева