COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖЕТІНШІ КҮН

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖЕТІНШІ КҮН

13.01.2023ж Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған Қысқы мектеп «Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар». «Электронды құжат алмасу» модульдері бойынша жетінші күнді аяқтады.

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Ақпараттық-коммуникативтік техноголиялар» кафедрасы ақпараттық жүйелер және компьютерлік ғылымдар бойынша, ақпараттық қызмет көрсету аясында бірнеше білім бағдарламалары бойынша мамандар дайындайтын кафедра болып табылады. Кафедраның ағымдағы соңғы жылдары қол жеткізген үлкен жетістіктерінің бірегейлері, қосдипломды білім беру және «IT –академиясының ашылуы. Сондай-ақ, Қысқы мектепке оқытушылар үшін ең маңызды электронды білім беру ресурстарын әзірлеу, контент дайындау, жалпы ашық онлайн курстарын дайындау бойынша шеберлік сабақтарына үлестерін қосты.

«Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар» модуль бойынша «Ақпараттық-коммуникативтік техноголиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Шомаева «Электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу» тақырыбы аясында оқытушыларға:
- электронды білім беру ресурстары, категориялары, бағалау ерекшелігі;
- әзірлеу технологиясы мен алгоритмі;
- оқыту формасы;
- интерактивтілік;
-мультимедиа, дизайн т.б. яғни оқытушыларға оқыту және сабаққа дайындалу барысында ең керекті тетіктерді түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, электронды ресурстарды дайындау үшін тегін сайттарды пайдалануды және ақылы сайттарға оңтайлы кіру мүмкіндіктерін ғаламторға сілтемелер арқылы тәжірбие жасап көрсетіп берді.

Жоғарыда аталған модуль аясында «Жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу» тақырыбы бойынша «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Б.Ерманова оқытушыларға:
- жаппай ашық онлайн курс тарихы, форматы, құрылымы;
- дербес компьютер қолданушылары үшін видео-монтаж жасау бағдарламасы;
- смарт телефондар қолданушылары үшін видео-монтаж жасау бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат беріп, тәжірбие жүзінде жасап көрсетті.

Сондай-ақ Г.К.Шомаева және Ғ.Б.Ерманова жас оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық технологияларды үйретуге, кеңес беруге тәлімгер ретінде әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

Келесі «Оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану: Kahoot, Quizlet» тақырыбы бойынша «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Б.Каир сабақ беруде уақытты тиімді пайдаланудың жолдары яғни Kahoot, Quizlet ғаламтор платформалары туралы толық ақпарат беріп, қолдану жолдарын түсіндіріп берді. Б.Каир бұл платформалардың маңыздылығы студенттерге тез ойлануға, шапшаң іс-әрекет етуге үйрететінің ал оқытушылар үшін сабаққа берілген уақытта бірнеше студенттерді бағалау тиімділігін айтып өтті.

Қысқы мектеп бағдарламасындағы соңғы модулі «Электронды құжат алмасу» бойынша «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» басқармасының инженер-бағдарламашысы К.С.Бейсекеева «Оқытуды бағалаудағы Сириус, LMS жүйелері» аясында шеберлік сабағымен аяқтады. К.С.Бейсекеева жоғарыда аталған бағалау жүйелерін толық түсіндіріп оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Барлық тренерлерге өзіміздің тарапымыздан алғысымды білдіреміз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева