COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ашық есік күні

Ашық есік күні

Бүгін «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалымен бірігіп Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламаларында оқитын 1-2-3 курс студенттері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты мен «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы арасындағы екі жақты келісім шарт аясында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - Білім беру бағдарламаларын нығайту және болашақ жұмыс берушімен ақылдаса отыра, банкке қажетті мамандарды заман талабына сай даярлау. Осы бағытта болашақ мамандарды даярлауда банк мамандарының ұсыныстарына аса көңіл бөлінді. Олардың ұсыныстары Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде ескерілетін болады.

Аталған банкте студенттерге тәжірибеден өтетін кафедра филиалы қызмет жасайды. Оқу барысында студенттердің білім сапасын жоғарлату, құзыреттіліктерін арттыру мақсатында жан-жақты дуалды оқыту технологиясының элементтері қолданылады.

Кездесу барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ басшысы Б.Т.Иптилдаев студенттермен еркін форматта сұқпаттасып, банк бөлімдерінің жұмыстарымен студенттерді толық таныстырды.