COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілуде

Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілуде

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №18 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 13-14 ақпан (жаратылыстану-математикалық бағыты) және 16-17 ақпан (қоғамдық-гуманитарлық бағыты) күндері аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілуде.
Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілуде.
Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет ресурсы арқылы бір уақытта ұсынылды.
Тапсырмаларды орындау аяқталғаннан кейін әрбір қатысушының сканерленген жұмыстары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ресми сайтына орналастырылады.
Облыстық олимпиадаға барлығы 708 оқушы қатысуда.
Оның ішінде:
9 сынып – 258 оқушы (170 қазақ тілінде, 88 орыс тілінде);
10 сынып – 235 оқушы (145 қазақ тілінде, 90 орыс тілінде);
11 сынып – 215 оқушы (120 қазақ тілінде, 95 орыс тілінде).