Алмаз Саламатов «Заң» факультетінің студенттерімен кездесті
21.02.2023 ж. күні Жамбыл облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмаз Саламатов «Заң» факультетінің, 3-4 курс студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Алмаз Тұрсынұлы студенттерге полицейлердің қызметі, қызметке орналасу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып, оларды тергеуші мамандығын таңдауға шақырды. Студенттерге тергеушілер мен анықтаушылардың күрделі бірақ өте қызықты жұмысы туралы айтып берді.