«Сенің сәтің» республикалық студенттер форумы өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 3-4 наурыз күндері «Сенің сәтің» республикалық студенттер форумы өтті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсеткен форумға басқа облыстан арнайы шақыртылған жоғары оқу орындарының студенттері, профессор – оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты – еліміздегі жастардың ынтымағын арттырып, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен жаңаша ойлау дағдыларын қалыптастырып , университет жастары арасында достық қарым-қатынас орнату.
Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek жастармен кездесті. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты студенттері де аталған шараға қатысып қайтты.