Ұлыстың ұлы күні
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.
Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі.
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір - біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын ынтымақ - бірлік мерекесі.
Наурыз – жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі.
22.03.2023 күні қаламыздағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ақ үйі тігіп, Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Киіз үй аңшылық, саятшылық, "5 қару" тақырыбына сай безендіріліп, қолөнер бұйымдары көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов көрмедегі дүниелерге тәнті болып, жоғары бағасын берді.