COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кәсіби бағдар жұмыстары

Кәсіби бағдар жұмыстары

«Экономика және басқару» кафедрасының ПОҚ құрамы Тараз қаласындағы Тараз техника және бизнес колледжіне, және Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы, №17 Жамбыл колледжіне, №31 орта мектепке, №35 орта мектепке, №42 орта мектепке, 11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Мұнда, аталған мектеп, колледж директорымен кездесіп, оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы, көңіл-күйлері және биылғы 2023 жылы осы бағытта болып жатқан өзгерістерге көзқарастары мен дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы жөнінде сұхбастасты.
Сонымен қатар, колледж, мектептердегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Мұнда Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-дің бүгінгі күні Жамбыл облысы аумағындағы рөлін, оның стратегиялық жоспарлары мен бәсекелестікке қабілеті дамып келе жатқан жоғары оқу орны ретінде таныстырды. Спорт кешені, жаңа оқу корпустары, 500 орындық Студенттер үйі және материалдық базасының өсуі туралы ақпараттар бере отырып, 6В04101- Экономика, 6В04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04105 – Менеджмент:Адам ресурстарын басқару мамандықтары туралы және олардың магистратура мамандықтарын дайындайтындығы туралы мәлімет берілді.

Арнайы үйлестірме брошюралар және жарнамалық плакаттар таратылды. Оқушылар оқуға байланысты қызықтыратын сұрақтарын қойды, оларға толық ақпарат берілді.