Ардагерлерді құттықтау
9-мамыр Жеңіс күніне орай, «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғыс ардагері Датай Тұрсынбаевтің жұбайы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының тұрғыны Ұлбосын Тұрсынбаеваны мерекемен құттықтап, ерлердің ерлігі ешқашанда ұмытылмайтынын айтып, сый-сияпатымызды табыс еттік. Апамыз, атамызды айтып, бір еске алды! Бүгінде 79 жасқа келген апамыз «Алтын алқа» иегері, 7 бала тәрбиелеп, 18 немере, 4 шөбере тәрбиелеп отыр.