Тарихтан тағылым - өткенге тағзым
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Елімізде 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды.
1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.
Осы орайда Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Нуржан Муслимов бастаған қызметкерлер еске алу іс-шарасына қатысып, гүл шоқтарын қойып тағзым етті.