COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ХТИИ түлектері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовпен кездесу ұйымдастырылды

ХТИИ түлектері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовпен кездесу ұйымдастырылды

2.06.2023 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының АКТ залында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары, ХТИИ түлектері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовпен кездесу ұйымдастырылды. Шараға студент жастар мен институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Мемлекеттік рәміздер мерекесі қарсаңында әнұранымыз қос жеңімпазымызбен бірге шырқалды. Өз кезегінде Халықаралық Тараз иннновациялық институтының президенті – Муслимов Нұржан Жомартұлы, ХТИИ ректоры Баяндин Марат Асылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға сәттілік тіледі. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар алынды. Кездесу соңында қос түлегімізге қаржылай сертификаттар табысталды.

https://youtu.be/FDv_fRJQUNA