Кафедралардың StartUP-менеджерлеріне арналған тренинг
19.06.23-21.06.23 күндері аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұйымдастыруымен "Кафедралардың StartUP-менеджерлеріне арналған тренинг" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Тренингке қатысушылар 72 сағат көлемінде өздерінің бизнес идеяларымен бөлісіп қана қоймай, кәсіби бизнес-тренерлердің тәжірибелерімен бөлісіп қайтты.
Бұл тренингтің басты мақсаты арнайы бизнес-тренингтар арқылы болашақ кәсіпкердің бойына қажетті барлық қасиетті қалыптастыруға жұмыс жасауға, көшбасшылық рөлін және халықпен тиімді өзара әрекеттесудің практикалық дағдыларын дамытуға негізделген.