COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Диплом тапсыру-2023

Диплом тапсыру-2023

5.07.2023 күні Тұңғыш президент саябағында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2023» салтанатты кеші өтті.

Еліміздің кәсіпорындары мен мекемелерінің қатары Халықаралық Тараз инновациялық институтын 38 бакалавриат және 24 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша бітірген білікті, сапалы білімді, жоғары мәдениетті жаңа буын мамандарымен толықты.

Осы оқу жылында институтты 3 мыңнан астам түлек табысты аяқтап отыр. Олардың ішінде 85-і үздік үлгідегі диплом иегерлері.

Диплом тапсыру салтанатына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлы арнайы келіп құттықтап, магистрлер мен үздік студенттерге диплом тапсырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Еңбек Ері" Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы, Ерболат Саурыков мырзалар бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, дипломдар табыс етті.

Салтанатты кеште Қазақстан эстрадасының жұлдыздары әннен шашу шашып, кештің көркін қыздырды. Осылайша қолдарына диплом алған түлектер үлкен өмірге қанат қақты.

Жолың болсын жас маман!!! Сәт сапар!!!