COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 10 ТАМЫЗ- АБАЙ КҮНІ

10 ТАМЫЗ- АБАЙ КҮНІ

2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, "Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі "Абай күні – 10 тамыз" деген тармақпен толықтырылған еді.

Абай – әрбір қазаққа жақын тұлға. Ағылшын жұрты Шекспирді, орыс елі Лев Толстойды, неміс Гетені қалай құрмет тұтса, қазақ та Ұлы Абайын дәл солай құрмет тұтады. Өмірінің темірқазығына айналдырып, тосылған, күйзелген, жол таппаған кезде данышпан ақынына келіп жүгінеді. ХХ ғасырдың арыстары да Абайдан қуат алып, Абаймен сауат ашқан. Елдік мүдде, ұлттық сананы Абай мұрасынан арқау етіп алған.

Артында, жүздеген өлеңі мен ондаған әні, бірнеше күйі, поэмалары мен 46 "қара сөзі" қалды.

Орыс әдебиетінен Пушкин мен Крыловты, Батыс әдебиетінен Гете мен Байронды аударды. "Масғұт", "Ескендір" поэмаларын оқыған адам ақынның Шығыс әдебиетінің жауһарларымен етене таныс болғанына көз жеткізеді. Батыс пен Шығыс әдебиетін тел еміп, одан алған азығымен қазақ әдебиетін байытқан ойшылды ұлт руханиятының реформаторына теңейтіндер бар.

Республика бойынша 31 елді мекен, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады.