ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АДАЛ АЗАМАТ ҰҒЫМДАРЫ - ЕГІЗ ҚҰНДЫЛЫҚ
Осындай тұжырымдамамен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын қорытындылады.
Қазақстан кұқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу жолында нақты қадамдарын жасауда. Сол үшін де Ата Заңымыз - Конституцияға өзгерістер енгізілді. Әрине, жақсы заңдар қабылдауға болады. Негізгі мәселе - оларды орындау. Кейбір кезде демократияға байланысты Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен салыстырып жатады. АҚШ бүгіңгі демократиялық жүйесіне ғасырлар бойы келді. Біздің егемендік алғанымызға биыл 32 жыл болады.
Сондықтан да әр қазақстандық құқықтық және демократиялық мемлекеттің азаматына лайық, Ел Президенті айтқандай “отаншыл, білімпаз, енбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр” болу керек. Осы қасиеттерді ең алдымен бүгіңгі жастардың бойында тәрбиелеу маңызды. Әділетті Қазақстанды құру үшін өзіміздің қоғамдық санамыз бен азаматтық ниетімізді өзгерту қажет.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті М.Сарыбеков