COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Отбасын құру және одан туындайтын құқықтар мен міндеттер

Отбасын құру және одан туындайтын құқықтар мен міндеттер

Қазақстанда отбасы институты мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады, осыған орай бұл салада қазақстандардың өмір сапасын арттыру мақсатында жүйелі және кешенді жұмыстар қамтылған.

Отбасы институтының кей мәселерін шешу мен нығайтуға қатысты және де ана мен бала өмірінің қауіпсіздігі, отбасының әлеуметтік қауіпсізідігін ұйымдастырудағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында атқарушы биліктің барлық тармағы мен қоғамдық институттар бірлесе отырып жұмыс жасауда.

Осы мақсатта Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Заң" факультеті Отбасы күніне орай іс-шараларды жоспарлап, оны жүзеге асырды. Осы бағытта отбасы құндылықтарына байланысты «Отбасын құру және одан туындайтын құқықтар мен міндеттер" жайлы студенттерге арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Факультеттің оқытушылар құрамы өз отбасының құндылықтары мен дәстүрі жөнінде ашық әңгіме құрды. Отбасы күніне байланысты отбасылық өмірге дайындық және отбасы тәрбиесіне арналған лекциялар сериясын көруді ұсынды.

Қорыта айтсақ «Отбасы күніне орай жоспарланып отырған іс-шаралар кешені қоғамдық институттар мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен отбасы құндылықтары, ана мен бала өмірінің қауіпсіздігі, отбасы тәрбиесі мен отбасылық дәстүрді насихаттау мен нығайтуға арналған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға арналған» – бірден бір бастама деп түсінеміз.