Отбасы - бақыт мекені
14.09.2023 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Педагогика" факультеті, отбасы күніне орай “Отбасы - бақыт мекені” атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Аталған шараға кафедра оқытушылары, факультет деканы А.Ботабаева, тәрбие бөлімінің маманы Р.Нуркина және электрондық диспетчер секторының жетекшісі Ғ.Қазжанов қатысты.
Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті. Іс-шараны ұйымдастырған БОПӘ -21-1,3 тобының студенттері және кураторы, аға оқытушы Н.Фатихова.