Ербол Қарашөкеев ХТИИ президенті Нуржан Муслимов пен кездесті
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Нуржан Муслимов пен кездесті.
Кездесуде институт президенті білім ордамыздың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Сапалы білім беру, білікті маман даярлау, жатақхана мәселесін шешу, жастарды қолдау, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті.
Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.