Аутизм баршамызға бір әлем
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы мен «Асыл Мирас» аутизм орталығы бірлескен түрде Педагогика факультетінің 1-4 курс студенттері арасында “Аутизм. Баршамызға бір әлем” тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Қазіргі таңдағы балалар арасындағы ең үлкен проблемалардың бірі саналатын аутизмге қатысты мағыналы іс-шараға Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор А.С.Кадырова, Педагогика факультетінің деканы Ә.Е.Ботабаева және факультеттің жас мамандары қатысып өз пікірлерін ортаға салды.