COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Өлке өркениеті» атты жас суретші-шеберлер байқауы өтті

«Өлке өркениеті» атты жас суретші-шеберлер байқауы өтті

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен 22.11.2023 жылы «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» тақырыбында дәстүрлі ІV-ші облыстық «Өлке өркениеті» атты жас суретші-шеберлер байқауы өтті.

Байқауға облысымыздың шалғай аудандарынан, қалалық орта мектептер мен гимназиялар, колледждерден жас суретші шеберлер қатысып, «Живопись», «Графика», «Қолөнер», «Мүсін», «Көркем фото», «Дизайн» номинациялары бойынша жарысқа түсті.

Байқаудың өтілуіне п.ғ.к., Қазақстан суретшілер одағының мүшесі А.Ә Сихаев, аға оқытушылар С.Б.Шокалакова., Р.И.Қуатбекова қазылар алқалығын жүргізді. Байқау қорытындысында жеңімпаз оқушылар мен жетекші ұстаздар арнайы дәрежелі дипломдармен марапатталды.