COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Сарапшыларға қойылатын талаптар

Сарапшыларға қойылатын талаптар

24.11.23 ж. сағат 11:25 «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Маликтаева П.М. СС-23-1, СССБ -23-1 топтарының білім алушыларына «Тауарларды және қызметтерді сараптау негіздері» пәнінен «Сарапшыларға қойылатын талаптар» тақырыбы бойынша институт деңгейінде ашық сабақ өткізді.

Сабақ топтармен жұмыс түрінде ұйымдастырылып білім алушыларға бағытталған оқыту элементтері қолданылды, атап айтқанда болашақ мамандықпен байланысты өмірден алынған ситуациялық жағдайларды мысалға келтіре отырып шығармашылық ойлауға, білімді өздігімен қалыптастыру дағдыларын дарытуға, білімгерлердің мүмкіндіктерін ашуға жағдай қалыптастыра білді. Тақырып бойынша қарастырылған сұрақтардың композициялық айқындылығы, тұтастығы мен қисындылығы білім алушыларға өздігімен зерделеуге мүмкіндік берді.

Жаңа тақырып материалдарын түсіндіруде «Стандарттау және сертификаттау» пәнімен өзара кіріктіре отырып, өткен материалдармен байланыстыру арқылы рефлексияны ұтымды пайдаланды.

Сабақ барысында оқу үрдісінің барлық сәттерін ескере отырып, білім алушылардың жаңа тақырыпты меңгеруін «Kahoot» бағдарламасымен шынайы бағалау арқылы «Сенім демократиясын» айқындады.

Сабақ соңында тақырып бойынша қосымша ақпарат беру мақсатында жаппай ашық онлайн курстарына (МООК) сілтеме берілді.
Ашық сабаққа оқу бөлімінің маманы Сексенбаева Ж.М., «Жаратылыстану» факультетінің «Ішкі сапаны сапаны қамтамасыз ету» комиссиясының төрағасы аға оқытушы, т.ғ.к. Шымыр Ж.А., кафедраның ПОҚ Амирова М., Сайлаубек Т.Н. қатысты.