COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ДӘУІРІНДЕГІ АУДАРМАТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылдың 24-25 қараша аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Аударматану саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қожаева Маржан Төреғұлқызының мерейтойына орай «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Алғашқы құттықтау сөз Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті, техника ғылымдарының докторы Нуржан Муслимов берілді. Пленарлық мәжілістің баяндамашыларына ақ жол тілеп, ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныстырып өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 150-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар келіп түсті. Баяндамалар (Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университеті, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Баткен мемлекеттік университеті, «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Назарбаев зияткерлік мектебі, қалалық мектеп гимназиялары мен аудандық мектептерден т.с.с.) келіп түсті.

Халықаралық конференцияға Ибрагимова Турсунай Галбаевна – И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к., Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ.; Ниязбекова Айша Бердешовна – ҚР білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері; Гладченко Марина Васильевна – А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия директоры қатысып, мерейтой иесін құттықтады.
Пленарлық мәжіліске қатысқан зиялы қауым өкілдерін Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы, б.ғ.к., профессор Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы, «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к. Ботабаева Әдемі Еркебаевна, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Беркенова Рабиға Ағабекқызы І дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен марапаттады.

Пертаева Эльмира Құлибайқызы, ХТИИ, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.