COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Әлемдік қаржы нарығы" тақырыбында ашық сабақ

"Әлемдік қаржы нарығы" тақырыбында ашық сабақ

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Экономика және бизнес" факультетінің "Қаржы және есеп" кафедрасының аға оқытушысы Таңатова Салтанат Орынбасарқызы 2023 жылдың 11 желтоқсан айында Фин 21-2 тобында "Әлемдік қаржы нарығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында: әлемдік қаржы нарығының құрылымы, функциялары, құралдары мен қатысушылары қаралды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік қаржы нарығындағы жетістіктерінің мысалдары және Орталық Азия экономикасының даму перспективалары келтірілді.

Материалды бекіту үшін бейне-қонақтар бейнеролик түрінде сұрақтар қойылды. Атап өтсек: э.ғ.д., "Қаржы және есеп" кафедрасының профессоры С.Д.Тәжібаев және Нархоз Университетінің "Экономика және менеджмент" мектебінің аға оқытушысы Б. Каир.

Ашық сабақта барлық студенттер "Шыршаны киіндірейік" креативті, қызықты ойынына белсенді қатысты, онда ойын ережелері бойынша дұрыс жауап болған жағдайда шыршаға доптарды іліп қоюдан тұрды (сұрақтар ойыншық шарларында жасырылды).

Ашық сабақ оқу процесінің ережелері мен талаптарына сәйкес өткізілді. Ашық сабаққа сапа, аккредиттеу және рейтинг басқармасының маманы Ниязова Палли Рашидқызы және "Қаржы және есеп" кафедрасының аға оқытушылары Жантаева Г.М., Саркулова Ж.Ж., оқытушылар Аширалиева Д. М., Айтбаева Д.Т. қатысты.