COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Іс-сапар

Іс-сапар

2023-2024 оқу жылының желтоқсан айының 20-22 күндері Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының аға оқытушылары т.ғ.к., Шымыр Жалел Әбдразақұлы және т.ғ.к., Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы академиялық ұтқырлық аясында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласы И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне іс сапарда болды.

Шымыр Ж.Ә. 700600 - Стандарттау, сертификаттау және метрология бағыты бойынша 3 курс студенттеріне «Квалиметрия және сенімділік негіздері», «Экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру» және Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы, 700600 - Стандарттау, сертификаттау және метрология бағыты бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттеріне "Метрология" және «Сынақтарды ұйымдастыру және технологиясы» пәндерінен дәріс оқып студенттерден игерген білімдері бойынша тест түрінде бағалау жүргізді.

Іс-сапар барысында Университеттің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Чымыров Ақылбек Орқалыұлымен, цифрландыру жөніндегі проректоры Маданбеков Нұржан Жоламанұлымен және инвестицияларды дамыту және тарту жөніндегі проректор Сыдықов Жырғалбек Дүйшекеұлымен академиялық ұтқырлықтың ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру мәселелері сарапталды.