ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АШЫЛУЫ
Бүгін, 04.01.2024 ж Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында жас оқытушыларға арналған «Цифрлық білім: құралдар мен технологиялар» тақырыбындағы Қысқы мектептің алғашқы күнің «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор А.Кадырова ашып, курстың мақсаты, міндеті және күтілетін нәтижесі туралы қысқаша түсінік беріп өтті.
Бекітілген жоспарға сәйкес А.Кадырова «Заманауи оқытушының моделі» тақырыбы аясында келесі мәселелерді ортаға салды:
- еліміздегі ПОҚ-ның әлеуеті оның ішінде институттың кадрлық сапасы;
- кадр тапшылығы және шешу жолдары;
- кадр сапасын жоғарылату немесе біліктілікті арттыру;
- кадрлық саясат;
- жаңа кәсіби стандарт талаптары мен міндеттері;
- оқытушының жалпы функционалдық қызметтері;
- заманауи оқытушының бет-бейнесі;
- қоғаммен байланыс.
А.Кадырова жоғарыдағы мәселелер төңірегінде тұшымды қағидаларды презентация арқылы айқын көрсетіп, күнделікті оқытушының қызметімен тікелей байланыстырды.Мысалдар келтірілді, оқытушылар арасында ой өрбітті. Әрмен қарай, жалпы Қысқы мектептің жоспарына қарай бағыттап, цифрлық құзыреттелікке кеңінен тоқталды. Цифрлық құзыреттіліктің бөліктерін, мақсаты және міндетін кешенді түрде түсіндіріп оқытушылар арасында сұрақ-жауап алмасты, пікірлер талқыланды.
Қорытындылай келе, А.Кадырова заманауи оқытушының міндеттерін ашып көрсетіп, төмендегі тұжырымға келді. Заманауи оқытушы дегеніміз-білім, ғылым және тәрбиені қатар ала жүре, жаңашылықдыққа үнемі ұмтылыс жасайтын, инновациялық идеяларын жүзеге асыра алатын, қоғаммен үнемі тұрақты байланыс жасай алатын, өз ойын сауатты және мәдениетті жеткізе алатын тұлға.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева