COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / VІІІ Шерхан оқулары

VІІІ Шерхан оқулары

Бүгін, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының республикалық кезеңі өтті.

Байқауды «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төсбелгісінің, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалінің, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»-ның, «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген Еңбегі үшін» төсбелгісінің, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің, «Құрмет» орденінің, Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері Абдуалы Асқар Бегәділұлы сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашып берді.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен дәстүрлі Шерхан оқулары байқауы биылғы жылы VIIІ ші рет өткізіліп отыр.

Байқаудың негізгі мақсаты - қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жүзеге асыру. Сонымен қатар, әдеби таланты бар оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыстарына қанат бітіру, оқушылардың санасын жаңғырту. Ең бастысы ХТИИ ректоры грантының иегерін және төлемақыға байланысты жеңілдіктерді (50%, 25%) иеленген оқушыларды анықтау.

Осы күнге дейін «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының игі бастамасы институт құрылтайшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Саурықов тарапынан үлкен қолдауға ие болып, нәтижесінде әрбір шығармашыл оқушының талантына серпін беріп, мақсаттарын еселегендігі даусыз.

Байқау соңында әр бағыт бойынша тағайындалған әділ қазылар алқасы шешім шығарды. Жекелеген номинациялар бойынша да марапаттаулар жүргізілді.