COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Бір халық, бір ел, бір болашақ» атты облыстық дөңгелек үстел өтті

«Бір халық, бір ел, бір болашақ» атты облыстық дөңгелек үстел өтті

Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Жаратылыстану» факультетінің ұйымдастыруымен «Бір халық, бір ел, бір болашақ» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Қазақ елі» идеясына үн қосу және халықтар достығын нығайту болып табылады.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен шараны институт ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы ашты. Бұдан кейін Жамбыл облысы ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының төрағасының орынбасары Парида Мамедова, Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейлхан Асқарбек тарих ғылымдарының кандидаты Режеп Баярисов өз баяндамаларын жасады.

Факультет деканы Мұрат Нұрғабыловтың модераторлығымен өткізілген дөңгелек үстелде ел тыныштығы мен рухани-әлеуметтік даму жағдайындағы маңызды мәселелер кеңінен мазмұндалды. Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер мен жалпы көпшілік үшін аса маңызды басқосу болды.