COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Шайқалмаған шаңырақ" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы бастауын алды

"Шайқалмаған шаңырақ" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы бастауын алды

Тараз қаласында "Intellect 7G-эксперттер мен кеңесшілер қоғамы" Республикалық қоғам бірлестігі, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты мен Жамбыл облысының полиция департаменті бірлесіп "Шайқалмаған шаңырақ" атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Іс-шара Шерхан институтының базасында өтуде.

Конференцияның мақсаты: заман үрдісіне сай ұлттық маңдайалды құндылықтар аясында институционалды жетік, тұрақты, сонымен қатар отбасылық өмір межелеріндегі туындайтын қиындықтар мен дағдарыстардың алдын алатын және оны болжау мүкіншілігін беретін шайқалмайтын шаңырақ, яғни тұрақты отбасын моделін қалыптастыру.

Конференцияға жергілікті сот судьялары,әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, Республикалық, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың хатшылықтары, ҚР ІІМ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшенің өкілдері және Республикалық маңызы бар облыстардың полиция департаменттердің әйелдердің зорлық-зомбылықтан қорғау аға-инспекторлары, Республикалық маңызы бар облыстардың қылмыстық атқару жүйесінің кадр жұмысының жеке құрамы бойынша психолог аға инспекторлары, ҚР Ішкі істер министрлігіне қатысты жоғары академиялық оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың мамандары, беделді адвокаттар мен заңгерлер, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының басшылары қатысты.

Аталмыш қоғам авторлық құқығы бекітілген бағдарламаларды талқылау үшін, ведомствоаралық деңгейде құзыретті органдар уәкілдеріне өздерінің осы конференциясы мен дөңгелек үстел өткізудегі миссиясы, Қазақстандағы сараптамалық ұйымдармен өзара ынтымақтастық орнатып, сарапшылық қызметті дамыту арқылы кәсіби эксперт мамандарды шоғырландыратын республикалық қоғамдық бірлестік екендігін ескерді. Яғни, сарапшылық қызметті қоғам сұранысына бейімдеп, ең маңызды және перспективалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру арқылы қоғам санасына ұлттық құндылықтар негізінде  зиялы руханиятты тұрақтылықты қалыптастыруды мақсат тұтқандығын атады.

Мемлекетке сараптау-талдау қызметін тиімді жүргізетін мықты орталықтар желісі қажет. Еліміз идеологиялық дербестікті сақтау үшін ұлт бірегейлігі мен берекесін арттырудың жолында әрбір шаңырақтың бүтіндігін, берекесі мен байсалды болмысын ұстануды  көздейді. Осы дөңгелек үстел басында талқыланған мәселелер, рухани өркениетті қоғамды дамыту мен заманауи үлгіде мемлекеттілікті нығайту үшін айрықша мән-маңызы бар. Сондықтан «Intellect7G-эксперттер мен кеңесшілер қоғамы» Республикалық қоғам бірлестігі сапалы әрі сұранысқа ие интеллектуалды отандық өнім ретінде он бір авторлық бағдарламалар тізімін ұсынды.

Авторлық құқығы бекітілген бағдарламаларды талқылау нәтижесінде, ведомствоаралық деңгейде жергілікті құзыретті органдар уәкілдерінің қызығушылық танытқан бағдарламаларды пилоттық жоба ретінде қолданып, ұтымды нәтижесін межелі уақытында зерделеуді ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бағдарламаларды қабылдап, бағыттар бойынша неғұрлым мақсатты түрде жұмыс жүргізу қажет деп санайды.Олар әрбір бағдарламада аталғаннақты ұсыныстар мен жаңалықтарды мақұлдап, қоғаммен бірлесе отырып ынтымақтастықта жұмыс әстеуге ниет білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы өз тарапында, әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыруда, мемлекет пен қоғам арасындағы ынтымақтастықтың оң имиджін қалыптастыру жолында жағдай жасауды қарастыруды жоспарлады.