Жеке, жұптық және топтық бағалау жұмыстары
12.04.2024 ж, Сатпаев 1 А оқу ғимаратында «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасына қарасты п.ғ.к аға оқытушы Бақтыбаева К.С, оқытушылар Қадірова Е.Б, Пірәлі Ф.Е, Момбекова С.Б 6B01411- «Бастапқы әскери дайындық», 6B01405- "Көркем еңбек және сызу" білім беру бағдарламалары бойынша «Бағалаудың өлшемдік технологялары» пәнінен «Жеке, жұптық және топтық бағалау жұмыстары» атты тақырыпта факультет деңгейінде бинарлы ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Жеке, жұптық және топтық жұмысты бағалау құралдарын ұтымды қолдану дағдыларын қалыптастыру, жеке, жұптық, топтық бағалау парақшалырын әзірлеуге, студенттерге ауызша және жазбаша кері байланыс беруге үйрету. Қолданылған әдіс-тәсілдер: миға шабуыл, Топтық талқылау, «Quizizz», кері байланыс, рефлексия. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушы Фатикова Н.А. қатысты. Студенттер белсендіқатысты. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.