COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Зорлық зомбылыққа жол жоқ" облыстық семинары өтті

"Зорлық зомбылыққа жол жоқ" облыстық семинары өтті

 

15 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартатын құжаттар пакетіне қол қойды. Бұл шешімді барлық қазақстандықтар күтті.Жыл сайын біздің елде үйдегі ұрып-соғу салдарынан ондаған әйелдер қайтыс болады, балалар зардап шегеді. Бұл мәселе, әрине, кешенді тәсілді қажет етеді: отбасылық психологтардың жұмысы, дағдарыс орталықтары, отбасын қолдау орталықтары, мектептер, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдарының ағартушылық жұмысы және, әрине, құқық қорғау органдарының жұмысы. Осыған орай осы заңға бей жай қарамай, қоғам болып ат салысу мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Заң факультетінің ұйымдастыруымен 26.04.2024 жылы «Зорлық зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың спикерлері:Сарыбеков Махметгали Нургалиевич Шерхан Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Вице-президенті, Байхожаев Берікбол Узақұлы «Əйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы»,Кошелекова Светлана Каиргельдиевна Жамбыл облысы заң консультанттары палатасының мүшесі «Торговля людьми и молодежь .Наказание за насилие над женщинами и детьми», Қолаханов Нұрдəулет Жаманбайұлы «Қиын жағдайда қалған жасөспірімдермен жұмыс жасау,қолдау көрсету арқылы санасына əсер ету», Орынтай Тəтті Мадиярқызы «Гендерлік білім: зорлық-зомбылық түрлері», Ибрагимов Талас Ақылбекұлы №1 мектеп гимназиясының құқықтық тəрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасары «Зорлық –зомбылық белгілері, түрлері жəне олардың белгілері » , Кинжеханова Диляфруз Абазқызы Жамбыл облысы Полиция департаментінің ЖПҚБ бойынша Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау», Тұрсымбаева Гүлхан Несіпбайқызы Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына əлеуметтік көмек көрсету орталығы” КММ директоры “Қоғам дерті -əйел зорлық-зомбылығы” тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Семинарға қатысушылар- Жамбыл облысының және Тараз қаласының мектеп мұғалімдері пікір алмасып, өздерінің тараптырынан мұндай бастаманы қолға алу керектігін мақұлдады.

 


Қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне деген көзқарасын өзгерту үшін жас ұрпақпен жұмыс істеу керек. Сайып келгенде, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік құқықтық, әлеуметтік және мәдени нормаға айналуы керек. Заңды мектеп бағдарламасы аясында міндетті түсіндіруге тиіспіз . Мектеп орындығынан балалар бәрін губка сияқты сіңіргенде, біз оларға жеке қол сұғылмаушылық деген не, жеке шекаралар деген не, олар өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреміз. Сонда ғана біз жоғары құқықтық мәдениеті бар ұрпақ ала аламыз. Егер халықтың көпшілігі заңды сауатты болса, онда зорлық – зомбылыққа мүлдем төзбеушілік біздің қоғамда нормаға айналады. Адамдар зорлық-зомбылықтың кез-келген жағдайына жауап беруі керек және оған нөлдік төзімділік болу керек.