COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Білім алушылардың көктемгі емтихан сессиясында «Таза сессия» акциясының өту барысы

Білім алушылардың көктемгі емтихан сессиясында «Таза сессия» акциясының өту барысы

 

2023-2024 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясы институттың Академиялық саясаты негізінде бакалавриат күндізгі бөлімде сәуір айының 29-нан бастап өтілуде. Аталмыш сессияда институттың Студенттік деканаты, «Саналы ұрпақ» жоба офисінің мүшелері жетекшісі, комплаенс офицерімен бірігіп «Таза сессия» акциясы аясында емтихандарды уақтылы және сапалы өтуін бақылауда. Барлық факультетер: Жаратылыстану, Экономика және бизнес, Құқықтану бақылауда болды.

 

 

13 мамыр мен 25 мамыр аралығында емтихандар 2 курс Дене шынықтыру және спорт, Көркем еңбек және сызу, Тарих, География білім беру бағдарламаларында өтті.

20 мамыр мен 1- маусым аралығында 2 курс Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Педагогика және психологя, Бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламаларында өтуде.

Институт бойынша 1 курс барлық білім беру бағдарламалары бойынша көктемгі емтихан сессиясы 27- мамырда басталды.

 

 

Академиялық күнтізбе бойынша маусым айының 3-нен бастап 3 курс барлық педагогикалық білім бағдарламаларына басталады.

2023-24 оқу жылында көктемгі сессия емтихандары (модульдік негізгі пән бойынша) бүгінгі күнге 779 яғни, оның 207 тест, прокторлық тест 11,  402–сі эссэ, реферат, коллоквиум ағымдық бақылау апталығында қабылданды, 64 емтихан жазбаша түрде, 95 емтихан ауызша түрде қабылданды.

Сессия барысында білім алушылардан «Біз таза сессияны қолдаймыз!» анонимді сауалнамасы жүргізілді.