COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жолдау – оң өзгерістер жолы

Жолдау – оң өзгерістер жолы

 

Бүгін Шерхан институтының мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауы бойынша «Жолдау-оң өзгерістер жолы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынға оқу орнының басшылық құрамы, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары қатысты.

Басқосуда институт ректоры Махметғали Сарыбеков сөз бастап, Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталды. Іс-шара барысында ғылым мен білім саласын дамыту бойынша біршама мәселелер қозғалып, институт профессорларының ашық пікірлері сараланып, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды.

 

 

«Жаратылыстану» факультетінің оқытушысы, PhD доктор Алия Омарова «АЭС-тің өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады:

«Көмірге келетін болсақ, ол табиғи сорбент, яғни, радиоактивті элементті бойына сіңіріп алып, ол өртенген кезде атом электр станциясына қарағанда әлде қайда жоғары деңгейде қоршаған ортаны ластап жатады. Сол себепті оң шешім қабылданса, атом электр стансасы біздің энергетикалық қауіпсіздігімізді және тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді деп есептеймін», - деді ол өз баяндамасында.

 

 

Ал, «Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасының басшысы Бахтияр Бекназаров жалпы «Жолдау деген не?», «Жолдаудың мақсаты қандай?» деген сауалдар төңірегінде баяндама жасап, жіті түсіндіріп өтті:

«Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату. Жолдау не үшін қажет? Ақпарат және есеп беру: Жолдау Парламентке және азаматтарға елдегі қазіргі жағдай, жетістіктер мен мәселелер туралы ақпарат береді. Бұл қоғам мен Парламент алдындағы есеп берудің маңызды құралы. Басымдықтарды анықтау: Жолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын белгілеуге көмектеседі. Президент Жолдауда жаңа заңдар, реформалар немесе елдің дамуы үшін маңызды деп саналатын бастамаларды ұсына алады. Халықпен байланыс: Жолдау көбінесе қоғамдық сипатқа ие болып, телеарналар мен радиода көрсетіледі, бұл Президентке халықпен тікелей байланыс орнатуға, саясатты түсіндіруге және сайлаушылармен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Символдық аспект: Мұндай сөз үндеулер маңызды символдық мәнге ие, себебі олар Мемлекет басшысының ұлттық мүдделер мен елдің бірлігіне деген адалдығын растайды»,-деп атап өтті Бахтияр Арманұлы.

 

 

Сондай-ақ, ол Жолдаудың ғылымға қатысты айтылған тұстарын айқындай келе, жастардың ғылымға бет бұруы терроризм мен өзге бұрмалаушы қатерлердің артта қалуы немесе оларды шешу жолдарына, мемлекет басшылығының жаңаруына, жастар саясатының өркендеуіне әкелетініне сенім білдірді.