Тәртіп құқықтық тәртіптен басталады
Теміржол және әуе көлігі объектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты ескерту, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялқық институтының 1 курс студенттеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Лаура Копбаева,Есірткіге қарсы күрес бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Мақсат Айқұлов, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Асылжан Кемелбеков, Әкімшілік полиция бөлімшесінінң инспекторы, полиция лейтенанты Мейіржан Шырынханов лекция оқыды.
Дәрісте теміржол желісінен белгіленбеген жерлерден кесіп өту, шұғыл тежеу және теміржол бойында орын алатын жарақаттануға алып келетіндігі туралы айтылып, өз алдына әкімшілік құқықбұзушылық болып табылатын, сондай-ақ жолаушылар пойызының терезелерін сындыру қылмыстық құқықбұзушылық болып табылатындығы түсіндірілді.
Темір жол, қарапайым ережелерді сақтамайтындарға ерекше қауіпті. Адамдардың темір жолда жарақат алуының да ең негізгі себебі- ережелерді өрескел болып табылады.
Сондай-ақ білімгерлерге есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары да жүргізілді. Онда есірткінің адам ағзасына кері әсерін, оның таралу жолдарын, жасырын жарнамалау және тағы басқа мәселелер туралы түсіндірілді. Тарату әрекеттерімен кездескен жағдайда сенім телефондары арқылы хабарлауға болатындығын айтты.