Қаржылық сауаттылық негіздері
«Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастыруымен «Қаржы және есеп» кафедрасының сеньор-лекторы, «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» сертификатының иесі Саркулова Жанар Жақсыбайқызы студенттерге «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты дәріс оқыды. Аталған іс-шараға қонақ ретінде ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облысы бойынша филиал өкілдері мен «JUSAN BANK» өкілдері қатысты.
Лекция барысында – «Қазақстандағы қаржылық сауаттылықтың рөлі мен маңызы; Жеке бюджеті ұтымды басқаруға және сақтандыру және банктік қызметтерді түсінуге мүмкіндік беретін білім мен көзқарасқа ие болу қажеттілігі сондай-ақ азаматтардың қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету принциптері мен алаяқтардың арбауына түспеу сұрақтары қозғалды.