Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті
Бүгін, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында елімізде биыл алғаш рет аталып өтіп жатқан Жоғары білім қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Бұл мерекеге институт басшылығы, профессор оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты.
Жиында институт президенті Нұржан Муслимов пен ректор Махметғали Сарыбеков құттықтау сөз сөйлеп, білім саласының маңыздылығын атап өтті. Олар жоғары білім жүйесінде еңбек етіп жатқан қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен білім беру саласындағы ерен еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді.
Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы бейнеқұттықтауын тыңдады. Министр өз сөзінде білім қызметкерлерінің рөлі мен маңыздылығын атап өтіп, оларға шығармашылық табыс тіледі.
Мерекелік шара барысында институттың бірқатар оқытушылары мен қызметкерлеріне атқарған қызметтері үшін Құрмет грамоталары табысталып, еңбектері жоғары бағаланды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелікке суретке түсіп, мерекелік көңіл күймен тарқасты. Институт ұжымы бұл күнді зор қуанышпен қарсы алып, білім беру саласының дамуына үлес қосудағы мақсаттарын одан әрі жалғастыруға ынталанды.