«Мамандығым – мақтанышым»: Ашық есік күні
2024 жылдың 9 қазанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультетінде «Мамандығым – мақтанышым» атты Ашық есік күні өтті. Бұл іс-шара кәсіби бағыттау жұмыстары аясында ұйымдастырылып, болашақ талапкерлерге мамандықтар туралы ақпарат беру және шығармашылық салаларына қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Тараз қаласындағы «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі, Тараз инновациялық көпсалалы колледжі, №44, №20, №38, №37 орта мектептері, сондай-ақ Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің 11-сынып оқушылары шақырылды. Оқушыларға шығармашылық мамандықтар, оқу үдерісі, студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер және факультеттің жетістіктері туралы ақпарат берілді.
Ашық есік күнінің басты мақсаты – талапкерлерді шығармашылық мамандықтармен таныстыру, олардың болашақта дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар көрсету. Шара барысында университеттің тарихы, факультет қызметі, оқыту ерекшеліктері мен студенттердің тәжірибелік мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Қонақтарға шеберлік сыныптар ұйымдастырылып, факультет студенттері өз өнерлерін көрсетті.
Ашық есік күніне келген оқушылар университеттің шығармашылық бағыттағы мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытты. Факультет ұжымы талапкерлердің көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық мамандықтардың маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар үшін бұл шара пайдалы және болашақ мамандықты таңдауға үлкен ықпалын тигізді.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты болашақ студенттерге сапалы білім беру мен кәсіби бағдар беруді алдағы уақытта да жалғастыра бермек.