COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заман талабы» тақырыбындағы кездесу өтті

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заман талабы» тақырыбындағы кездесу өтті

 

Ағымдағы жылдың 15-ші қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Жамбыл облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлымен кездесу өтті. Іс-шара Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «ЖАҢАРУ» қозғалысының бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

 

 

Кездесудің басты мақсаты – студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, оларды жемқорлыққа қарсы әрекет етуге тәрбиелеу болды. Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен оның алдын алу шаралары туралы жан-жақты мәліметтер алды.

 

 

Іс-шарада сөз сөйлеген негізгі баяндамашы Қасымхан Төлендиев студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажибаев сыбайлас жемқорлықпен күресудің заманауи тәсілдері туралы баяндама жасады.

 

 

Кездесуде институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Студенттерге арнайы видеоролик көрсетіліп, «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сурет көрмесі және «Ақпараттық-кітапханалық орталығы» ұйымдастырған заңнамалық әдебиеттер көрмесі де ұсынылды.

 

 

Іс-шара соңында Заң факультетінің 3-курс студенті Жакіш Анеля Болатқызы өз сөзін сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың көзқарасы мен жауапкершілігі туралы пікірін білдірді. Кездесу қорытындысында қатысушылар меморандумға қол қойып, естелік суретке түсті.