Кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары
2024 жылдың 21-22 қазанында Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 2025 жылғы мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Шара барысында «Қарасай батыр атындағы орта мектебі», «Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы», «М.Әуезов атындағы орта мектебі», «Әлжан Бұқарбайқызы атындағы орта мектебі», «Шамалған орта мектебі», «Шалқар орта мектебі», Қаскелең қаласындағы «С.Керімбеков атындағы орта мектебі», «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы» және басқа мектептер қамтылды.
Кездесу барысында оқушыларға арнайы дайындалған «Шерхан университеті даму жолында» фильмі көрсетіліп, институттың білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері таныстырылды. Оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының заман талабына сай мамандар дайындаудағы жұмыстары жан-жақты баяндалды. Кездесу соңында мектеп басшылары мен кәсіби бағдарға жауапты мамандар өз ризашылықтарын білдірді.
Оқу орнымыздың Электрондық диспетчерлік сектор жетекшісі Қазжанов Ғалым Төлегенұлы: «Біздің институтта ақпараттық технологияларды енгізу және білім беру процесін цифрландыру маңызды бағыттардың бірі. Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету арқылы, біз олардың болашақтағы жетістіктеріне оң әсер етуге тырысамыз. Мамандықты дұрыс таңдау – бұл жеке тұлғаның болашағына берер мол мүмкіндік», — деді.
2024 жылдың 24 қазан күні Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің IV курс студенттеріне «Шерхан университеті даму жолында» фильмі көрсетіліп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Мамандықты дұрыс таңдау, жеке тұлғаның болашақ өміріне әсері мен кәсіби мақсаттарын дұрыс бағыттауда маңызды екендігі сөз болды.
Сол күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында да мектеп бітіруші түлектермен кездесу өтті. «Абылайхан атындағы №4 орта мектебі», «Райымбек батыр атындағы орта мектебі», «№6 орта мектеп-лицейі», «Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебі», «Рахымжан Тоқатаев атындағы орта мектебі», «Алихан Бөкейханов мектебі» және «Алтын адам мектебі» оқушылармен мамандықты дұрыс таңдау тақырыбына кеңінен талқыланды. Институттың түлектерінің елдің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатқаны, атап айтқанда, заң ғылымдарының магистрі Алмас Исағұлұлы мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Медет Тасболаттың жетістіктері оқушыларға таныстырылды.
Осылайша, кәсіби бағдар беру шаралары оқушылардың болашақтағы мамандық таңдауларына ықпал етіп, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының мүмкіндіктерін кеңінен ашты. Мектеп пен институт арасындағы байланыс одан әрі нығайып, оқушылардың сапалы білім алу жолында ортақ мақсаттарымыз жүзеге асуда.