COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

 

Қараша айының 8 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, сонымен қатар қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің бірлесе ұйымдастырған аса көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Turk Dil Korumi» қоғамының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Рабиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ әдеби тілі және нормалардың қалыптануы: теориясы мен тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Түймебаев және Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ ректоры, ф.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбеков кіріспе сөздерін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. 

Конференцияның пленарлық отырысында Түркия, Жапония, Башқұртстан мемлекеттерінің ғалымдары, сонымен қатар Қазақстанның іргелі оқу орындарынан баяндамалар оқылды.

 

 

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтынан Т.Б.Нұрбеков «Қиял-ғажайып ертегілердегі уақыт пен кеңістік концептісі» тақырыбында және А.Т.Кембаева «Ш.Мұртаза – полидискурстық тілдік тұлға» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Рабиға Сыздық - саналы ғұмырында Қазақстан ғылымы мен білімінің болашағы үшін зиялы азамат, шынайы ғалым, болмысы бөлек тұлға бола білді.

 

  

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектерінің еліміздің нығаюы жолында өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе оның есімі алтын әріптермен әдіптеліп жазылды және отанық ғылымдағы орны мәңгі өшпестей болды. 

Ел білімі мен ғылымының өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен отандық лингвистиканың ардагері Р.Сыздыққа арналған конференция өте мазмұнды өтті.