COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Заңгерлік жолға бастар алғашқы қадам" атты Ашық есік күні өтті

"Заңгерлік жолға бастар алғашқы қадам" атты Ашық есік күні өтті

 

2024 жылдың 20 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Заң факультетінде "Заңгерлік жолға бастар алғашқы қадам" тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шара болашақ заңгерлерге мамандық туралы түсінік беру, кәсіби бағдар беру және заң саласындағы заманауи талаптар мен мүмкіндіктерді көрсету мақсатында өткізілді.

 

 

Ашық есік күніне құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің жетекші мамандары қатысты:

- Байсов Жасұлан Берденович – полиция подполковнигі, Жамбыл облысы Полиция департаментінің кадр және тәрбие жұмысы басқармасы бастығының орынбасары;
- Айнакулов Шыңғыс Жұмабаевич – Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары;
- Кембаев Ерғали Асанбаевич – «Мансап» орталығы басшысының орынбасары;
- Асильхан Нұрдаулет Қайратұлы – азаматтық қорғау майоры, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бас маманы;
- Қонысбаев Мадияр Танатович – полиция подполковнигі, Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел криминалистика бөлімінің бастығы.

 

 

Шараға облысымыздың білім беру мекемелерінен:

- №13, №25 және №35 орта мектептердің оқушылары;
- Ozat Education High School оқушылары;
- ХТИИ Заң факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

 

 

 

Шара бағдарламасы:
Кездесу барысында қонақтар заңгерлік мамандықтың ерекшеліктері мен талаптары туралы баяндап, жастарға кәсіби бағдар берді. Әсіресе құқық қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі, талаптары және болашағы туралы құнды ақпарат ұсынылды.

 

 

Сонымен қатар, қатысушыларға Заң факультетінің Криминалистика аудиториясы таныстырылды. Олар қылмысты ашуда қолданылатын заманауи технологиялар мен әдістерді көріп, тергеу жұмыстарының қалай жүргізілетінін көзбен көрді. Кинологтардың қылмысты анықтау бойынша көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырып, іс-шараға ерекше әсер қосты.

 

 

Іс-шараның маңызы:
Бұл Ашық есік күні жас ұрпақтың заң саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт берді. Қатысушылар құқықтық білімнің маңыздылығын түсініп, заңгерлік мамандықтың қоғамдағы рөлін тереңірек ұғынды. 

ХТИИ Заң факультеті жастарға сапалы білім берумен қатар, олардың кәсіби маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасайды. Осындай шаралар білім алушылардың мамандыққа деген ынтасын арттырып, олардың табысты болашағын қалыптастыруға үлес қосады.

Болашақта мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, заңгерлік жолды таңдаған жастар үшін жаңа мүмкіндіктер аша береді. Құқық саласында білім алып, әділдік пен заңдылықты қорғау жолында еңбек еткісі келетін жас түлектер үшін ХТИИ Заң факультеті – арманыңызды жүзеге асыратын ең дұрыс таңдау!