COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Білім беру жүйесінде жаңа инновациялар мен технологиялар" тақырыбында оқыту семинары өтті

"Білім беру жүйесінде жаңа инновациялар мен технологиялар" тақырыбында оқыту семинары өтті

 

2024 жылдың 20 қарашасында Халықаралық Тараз инновациялық институтында Академиялық саясат басқармасының ұйымдастыруымен педагогикалық бағыттағы бітіруші студенттерге арналған "Білім беру жүйесінде жаңа инновациялар мен технологиялар" тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

 

 

Семинарға білім беру саласының тәжірибелі мамандары мен сарапшылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:

- Кадырова Акмарал Сатбековна – Академиялық жұмыс жөніндегі проректор;

- Кобеев Толыбай Қайырбайұлы – Тараз қаласы бойынша «Мансап» орталығы филиалының «Ізденушілермен жұмыс жасау» бөлімінің маманы;

- Бақтыбаева Кулизат Сағынғалиқызы – Жалпы педагогика кафедрасының п.ғ.к., профессор-ассистенті;

- Умеева Шолпан Жумабайқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернаты» КММ-нің мұғалімі.

 

 

Іс-шара аясында білім беру жүйесіндегі маңызды тақырыптар талқыланды:

"Білім беру жүйесінде жаңа инновациялар мен технологиялар" тақырыбы бойынша Кулизат Сағынғалиқызы заманауи әдістер мен технологиялардың маңыздылығын атап өтті;

"Білім беру жүйесінде сандық дағдылар" тақырыбында Шолпан Жұмабайқызы сандық құралдарды тиімді пайдаланудың артықшылықтары мен тәсілдерін ұсынды;

Толыбай Қайырбайұлы студенттерге жұмысқа орналасу, кәсіби тәжірибе жинақтау және мансаптық даму мүмкіндіктері туралы құнды кеңестер берді. 

Шара студенттердің білім беру саласындағы заманауи талаптарды түсінуіне, кәсіби дайындықтарын жетілдіруіне және болашақ маман ретінде өз мүмкіндіктерін кеңейтуіне ықпал етті. Тыңдаушылар жаңа технологиялар мен инновацияларды өз іс-тәжірибелерінде қолдану бойынша нақты ақпарат алды. 

Бұл семинар болашақ педагогтар үшін құнды тәжірибе мен білімнің қайнар көзі болды. Алдағы уақытта осындай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталады.