4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2024-2025 оқу жылының оқу жоспары мен оқу үрдісінің кестесіне сәйкес, «6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімнің 4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практикаға жіберу конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияда студенттерге педагогикалық практика барысында:
• Сабақ жүргізу;
• Оқушылармен қарым-қатынас орнату;
• Әдістемелік тәсілдерді қолдану;
• Оқыту мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
• Білім беру процесін басқару;
• Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай жұмыс жасау секілді маңызды дағдылар мен мәселелер түсіндірілді.
№150-с 19.12.2024 ж. бұйрық негізінде, күндізгі бөлімнің 4-курс Қт-21-1 тобының студенттері педагогикалық (өндірістік) практикасын өткізу үшін келесі мектептерге жіберілді:
• Тараз қаласы №25 орта мектебі;
• Д.Карбышев атындағы №16 орта мектебі;
• Жамбыл ауданы «Бірлесу-Еңбек» орта мектебі.
Практика барысында студенттер алғашқы аптада:
• Бөлінген сыныптарының оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жоспарымен танысады;
• Жеке пәндер әдістемесіне арналған әдістемелік папкаларды зерттейді.
Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына толықтай араласып:
• Пәндер бойынша сабақ өткізеді;
• Сынып жетекшілігі міндеттерін орындайды.
Педагогикалық практика студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап, білім беру жүйесінде жоғары деңгейде қызмет етуге дайындайды.