«Біз таланттарды іздейміз!» өнерпаз студенттер байқауының жеңімпаздары анықталды
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Біз таланттарды іздейміз!» атты өнерпаз студенттер байқауы өтті. Аталған іс-шараны Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасы, Жастар ісі жөніндегі комитет және Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – университет қабырғасында өнерлі әрі дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылығын дамытуға қолдау көрсету. Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз етіп, оларды университеттің түрлі шығармашылық үйірмелеріне тарту.
Өнер додасына 10 номинация енгізілді:
Ән айту
Хореография
Көркем сөз оқу
Ақындық өнер
Театрландырылған көрініс немесе әзіл-сықақ қойылымы
Аспапта ойнау
Жүргізуші-конферансье
Сән театры
Жайдарманшылар қойылымы
Мобилография
Байқау жеңімпаздары:
Жүргізуші-конферансье:
1 орын – Құттыбай Темірлан (Бәд-24-1)
2 орын – Тапай Зере (Шт-24-1)
3 орын – Черняевская Милана (Мен-24-2)
Ән айту:
1 орын – Өмірзақ Әділет (Дш-24-15)
2 орын – Орынюбай Аэлита (Сс-24-1)
3 орын – Амангелді Жанерке (Бөпә-24-1), Мейрхан Айдана (Шт-24-5)
Хореография:
1 орын – «Үнді биі» (Педагогика факультеті)
2 орын – «Өзбек биі» (Жаратылыстану факультеті)
3 орын – «Испан биі» (Шығармашылық мамандықтар факультеті)
Көркем сөз оқу:
1 орын – Мыңатай Қазыбек (Дш-24-9)
2 орын – Ким Аяна (Мжб-24-1)
3 орын – Тапай Зере (Шт-24-1)
Театрландырылған көрініс:
1 орын – «90-жылғы жастар тойы» («Заң» факультеті)
2 орын – «Жетімдер» (Жаратылыстану факультеті)
3 орын – «Тастанды» (Педагогика факультеті)
Жайдарман:
1 орын – «Тригер» (Жаратылыстану факультеті)
2 орын – «Marlboro» («Заң» факультеті)
3 орын – «Ерекше» (Экономика және бизнес факультеті)
Сән театры:
1 орын – Экономика және бизнес факультеті
2 орын – Шығармашылық мамандықтар факультеті
3 орын – Жаратылыстану факультеті
Аспапта ойнау:
1 орын – Сейтбек Лунара (Ққ-24-1)
2 орын – Бақыт Сабина (Қт-24-13)
3 орын – Ким Аяна (Мжб-24-1)
Мобилография:
1 орын – Сман Нұрдәулет (Бәд-24-1)
2 орын – Дауренбек Дінмұхаммед (Аж-24-1)
3 орын – Сейтқали Қадыржан (Ққ-24-13)
«Үздік факультет» номинациясын – «Экономика және бизнес» факультеті иеленді.
Бұл өнер додасы студенттердің шығармашылық әлеуетін шыңдауға, таланттарын дамытуға мүмкіндік берді. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, сахна мәдениетін меңгеріп, жаңа достар тапты. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.