COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жаратылыстану» факультеті «Ұлыстың ұлы күні 22 - Наурыз» мерекесі қарсаңында "Тарихқа тағзым" атты мерекелік іс-шара өткізді.

«Жаратылыстану» факультеті «Ұлыстың ұлы күні 22 - Наурыз» мерекесі қарсаңында "Тарихқа тағзым" атты мерекелік іс-шара өткізді.

2021 жылдың 17 наурыз күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Жаратылыстану» факультеті «Ұлыстың ұлы күні 22 - Наурыз»мерекесі қарсаңында "Тарихқа тағзым" атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға институтымыздың әкімшілігі, профессор оқытушылары, факультет ұжымы және студентер қатысты. Жиынды институт ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы ашып, барша ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтады.Өз кезегінде Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы жастарға ғылыммен айналысу керектігін баса айтып, қоғам талабына сай маман болып шығуларына тілектестік білдірді. Сонымен қатар институттың бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Асқар Абдуалы тарихымызға шолу жасап, студент жастарға тың мағлұматтар берді. "Әз Наурыз" тақырыбында баяндама жасаған "Тарих және география" кафедрасының меңгерушісі Айтекова Құралай наурыз мейрамының шығу тарихы туралы деректермен бөлісті. Мерекелік іс-шараға орай факультеттің өнерлі студенттері ән айтып, күй тартты.