COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Түркия Республикасының Бартын қаласында орналасқан Бартын университетінің студенттері мен профессор-оқытушылық құрамы қатысқан Орта Азиядағы Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктеріне арналған конференция ұйымдастырылды.

Түркия Республикасының Бартын қаласында орналасқан Бартын университетінің студенттері мен профессор-оқытушылық құрамы қатысқан Орта Азиядағы Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктеріне арналған конференция ұйымдастырылды.

Қазақстанда Наурыз мейрамы

2021 жылдың 19 наурыз Түркия Республикасының Бартын қаласында орналасқан Бартын университетінің студенттері мен профессор-оқытушылық құрамы қатысқан Орта Азиядағы Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктеріне арналған конференция ұйымдастырылды.

Конференцияның арнайы қонағы ретінде Қазақстан Республикасынан Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Филология» кафедрасының оқытушысы, түрік тілінің маманы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы «Қазақстанда Наурыз мейрамы» тақырыбы аясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының Қазақстанда тойлану ерекшеліктері мен тарихы туралы баяндама жасады.

Екі елдің арасындағы мәдени-әдеби байланыстарды арттыруға негізделген ғылыми конверенцияда Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында ұйымдастырылатын қазақтың ұлттық өнері, ұлттық тағамдары мен ұлттық ойын түрлері Түркиялық студенттердің қызығушылығын оятып, қызу талқыға түсті. Түркиялық тыңдармандар Ұлы даланың ас мәзіріне таңырқап, Наурыздың символикасына айналған Наурыз көженің әзірлену жолдарын сұрады.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының оқытушысы, магистр Саржаев Олжас арнайы сертификатпен марапатталып, Түркия елінің профессорлары тарапынан екі туыс елдің арасындағы әдеби байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылып жатқан ғылыми жобаларға шақырту алды.