COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Республикалық пәндік олимпиада

Республикалық пәндік олимпиада

2021 жылдың 15-16 сәуір аралығында Сулейман Демирель университетінің «Тілдік білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен «6B01701 – Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІІ Республикалық пән олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада кезеңдері:

1- кезең. Эссе жазу. Қатысушы студенттердің шығармашылық қабілеті, танымдық ізденімпаздығы мен сауаттылығы бағаланды.

2-кезең. Қазақ тілі мен әдебиеті және әдістеме салалары бойынша теориялық сұрақтардан құралған тесттерге жауап беру.

3-кезең. Жоба қорғау. Студенттердің ғылыми-зертету дағдылары, сөйлеу мәдениеті пен педагогикалық шеберліктері анықталды.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының атынан жоғары оқу орындарының ХІІІ Республикалық студенттік пән олимпиадасына 6B01701 – «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша, 3 курс студенттері Тилеушова Асель Тулендиевна, Көшекбаева Ақбота Талғатқызы, Жаңабаева Құралай Ғаниқызы қатысты.

Ғылыми жетекшілері: «Филология» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы, «Филология» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Саржаев Олжас Тілебалдыұлы.

Республикалық пәндік олипиадаға 11 жоғары оқу орындары қатысты. Атап айтсақ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Еуразия гуманитарлық институты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Павлодар педагогикалық университеті, Халықаралық Тараз инновациялық институты, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Филология» кафедрасына қарасты 3 курс студенттері өз білімдерін дәлелдеп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Студенттер Сулейман Демирель университетінің сертификатымен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталмақ.