COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ТАЛАПКЕР-2021

ТАЛАПКЕР-2021

«Филология» кафедрасының профессор-оқытушылары 16.04-22.04.2021 жыл аралығында бекітілген мектептер мен Жамбыл облысына қарасты аудандарға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп қайтты.

«Филология» кафедрасының оқытушысы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясына барып, талапкерлермен сұхбаттасу жұмыстарын жүргізді. Мектеп-гимназиясында өткізілген «Түлектер жолы» жобасына қатысып, Халықаралық Тараз инновациялық институты жайында бітіруші түлектерге жан-жақты толыққанды мағлұматтар берді. Мектеп директоры Есеева Рахия Райқұлқызы және бітіруші түлектер тарапынан сұрақтар қойылып, көңілге қонымды жауаптар алынды.

Кафедра меңгерушісі Р.Беркенова және доцент М.Әбілов Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп қайтты. «Бірлесу-Еңбек» орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары К.Исмайылова бітіруші түлектермен таныстырды. Оқушылардың қай мамандықтарды таңдағаны туралы тереңірек мағлұматтар берді.

Кафедра меңгерушісі Беркенова Рабиға Ағабекқызы Халықаралық Тараз инновациялық институтының алға қойған мақсат-міндеттерімен, «Қазақ тіл мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасымен таныстырып өтті. «Филология» кафедрасының жеткен жетістіктері мен мамандықтың барысы туралы сөз қозғады. Оқушылар тарапынан неше түрлі сұрақтар қойылып, нәтижелі жауаптар берілді.

Филология кафедрасының профессор-оқытушылары Мерке ауданындағы №1, №5, №7, №18, №20, №22, №39, №48 мектептерде және №9-кәсіби колледжінде кездесулер өткізіп, Ы.Алтынсариннің 180 жылдық меретойына орай ғылыми-әдістемелік семинар өткізіп қайтты. Семинарға мектеп мұғалімдері, бітіруші түлектер қатысты. Оқушылар Ыбырай өлеңдерінен жатқа оқып, шағын көлемді әңгімелеріне талдау жасады. Ақын шығармашылығы жайында сұрақтар қойылып, семинар қызу талқыға түсті.

Бітіруші түлектер тарапынан оқушылар институттағы «Ж.Баласағұн» атындағы әдеби бірлестікке мүше болуға құлшыныс танытты.

Кафедра доценті, ф.ғ.к. М.Әбілұлы В.Савва атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру және қазақ балалар әдебиеті тарихының кезеңдері» атты тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Қазақ әдебиетінің дәуірлеу кезеңдеріне тоқталып, балалар әдебиеті жайлы сыр шерітті. Бұл семинарды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған болатын-ды.

Кафедра профессор-оқытушылары мектеп оқушыларына институтымыздың тарихынан сыр шертетін «Жастар айдыны» газеті мен мамандықтар жайында жазылған буклеттерді таратты.