COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «ЖОМАРТ ТҮЛЕК - ТАРАЗ» ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ – ТАРАЗДЫ СҮЙГЕН ЖАСТАР ЖОЛЫ!

«ЖОМАРТ ТҮЛЕК - ТАРАЗ» ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ – ТАРАЗДЫ СҮЙГЕН ЖАСТАР ЖОЛЫ!

24.04.2021 күні Тараз қаласында қала әкімі Ерлан Жұматұлы Жылқыбаевтың қатысуымен «Жомарт түлек - Тараз» атты түлектер кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – әр түрлі салада қызмет етіп, Тараздың дамуына үлес қосып жүрген түлектердің өмір жолын жастарға насихаттау. Кездесу барысында қаланы көркейтуге негізделген тың идеялар мен игі бастамалар аталып өтті.

Республиканың әр аймағында еңбек етіп жүрген Тараздан шыққан атақты түлектерден бастап, жеке кәсіпкерлер мен білім саласында жүрген ұстаздарға дейін қатысқан түлектер кездесуіне №30 мектеп-гимназиясының түлегі, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Филология» кафедрасының оқытушысы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы да шақырылып, қала әкімі Е.Жұматұлының қолынан Алғыс хат алды. Бұл да қала басшылығы тарапынан танымал әнші, блогер түлектермен қатар, ұстаздық жолды жастарға насихаттау үшін, ұстаздық еңбекті бағалау жолында жасалған игі қадам деп білеміз.

Институымыздың білгір маманы О.Т.Саржаевты құттықтай отырып, мұндай елеулі марапаттар белсенділігін арттыра түсіп, ары қарай Тараздың дамуына елеулі қызмет етуіне мотивация болады деген сенімдеміз.