«Экономика және бизнес» факультеті оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Мәжіліс барысында 2020-2021 оқу жылының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша нәтижелері және 2021-2022 оқу жылына ОӘК жұмыс жоспарының жобасы қарастырылды.
Бүгінгі таңда 1,2,3 курс білімгерлері сабақтарын аяқтау үстінде. Келесі кезекте олар үшін емтихан кезені басталмақ.
Кафедраларда 2021-2022 оқу жылына дайындық жүруде. Пәндердің оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері, нұсқаулар, оқулықтармен қамтамасыздығы туралы сұрақты оқу-әдістемелік бюросының төрайымы Р.Д.Асемова баяндады. Әрбір кафедра бойынша жинаған анықтамалар негізінде талдау жасады.
Сонымен қатар бір-қатар ағымдағы мәселелер қаралды.